?Жасыл ел? жасақтары еңбек маусымына аттанды

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Тереңөзек кентіндегі "Жастар" саябағында республикалық "Жасыл ел" жасақтары облыстық штабы мүшелерінің биылғы жылғы еңбек маусымына аттану рәсімі өтті,

?Жасыл ел? жасақтары еңбек маусымына аттанды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Салтанатты шарада облыс әкімінің кеңесшісі Ержан Уәйіс жастарды патриотизмге, отансүйгіштікке және еңбекқорлыққа баулитын игі істің мәні мен маңызына тоқталды. Аймақты абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және тазалық сақтау бағытында көптеген жұмыстарға ұйытқы болып жүрген жас буын өкілдерінің бұл ісі көпке үлгі. Жастар алдында аудан әкімінің орынбасары Батырбек Мәншәріпов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ибрагим Әбибуллаев және басқа да азаматтар тілектестігін білдірді. Алда үлкен міндеттер тұр. Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласы мен аудандардағы жұмыссыз жүрген жастар еңбекке тартылады. Жылдағыдай әрбір жасақ құрамында 30 сарбаздан болмақ.