«Жасыл сатып алулар» тетігі енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыруға бағытталады. Осы бағытта қолданыстағы бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, Жер және Су кодекстеріне нысаналы көрсеткіштер мен стандарттарды әзірлеу арқылы су объектілерін қорғауды жақсарту нормалары ұсынылады. Су сапасын арттыру, ауыз сумен жабдықтауды бақылау күшейтілетін болады.

Бұдан бөлек, қайта өңдеу және қалдықтардан жасалатын пайдалы материалдарды қайталама пайдалануды кеңінен қолдану шараларын ынталандыру қаралып отыр. Бұл ретте қайтадан пайдаланылатын шикізатты қолданған тауарларға басымдық беріліп «жасыл сатып алулар» тетігі енгізіледі.

Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері бекітіліп, уәкілетті органның жаңартылатын энергия көздері секторын жоспарлы түрде дамыту шаралары қамтылады.

Соңғы жаңалықтар
telegram