Жасырын монополиямен күресу агенттіктің негізгі міндеті болуы шарт ? Үкімет басшысы

АСТАНА. Қаңтардың 16-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Агенттіктің негізгі міндеті - жасырын монополиямен күресу. Бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің жыл қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі нарық заманында мемлекет бәсекеге қажетті тең мүмкіндіктерді жасауға тиіс. Ондай мүмкіндіктер біздің елімізде жасалған ба? Осы бағыттағы жұмыс соңына дейін жүргізіле ме? Міне, осы мәселені агенттік шешуі қажет. Қазіргі кезде республикадағы бәсекеге тең мүмкіндіктер 100 пайызға жасалады деп айтуға болмайды. Себебі кейбір салаларда жасырын монополия бар. Онымен күресу қажет. Бұл ? Бәсекелестікті қорғау агенттігінің негізгі міндеті», - деді К.Мәсімов. Жасырын монополияның ел экономикасына тигізер кері әсері туралы айта келе Үкімет басшысы: «Жекеменшік монополия мемлекеттік монополиядан 100 есе қауіпті. Себебі, мемлекеттік монополияны бақылауда ұстауға болады. Ал жекеменшік монополия белгілі бір саланы жекешелендіріп алса, Үкімет тығырыққа тіреледі. Қазір бәсекелестікті қорғауға аса сәтті уақыт туып отыр. Осы бағытта біз батыл әрекет жасауымыз қажет. Онсыз шағын және орта бизнестің болашағы бұлыңғыр», - деді Премьер-Министр.К.Мәсімов атап көрсеткендей, 2009 жылда еліміздің барлық салаларында тең құқылы бәсекелестікті қамтамасыз ету қажет.
Соңғы жаңалықтар