11:43, 26 Мамыр 2013 | GMT +5
Жаттықтырушы Арно Пайперс «Тараз» футбол клубының басшылығын қолға алмақ
АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Арно Пайперс Таразға келді, деп хабарлады Sports.kz спорт порталы.

Кеше голландтық маман Таразға келіп, облыс басшылығымен және «Тараз» клубымен келіссөздер жүргізіп, өзінің жұмыс жайы туралы ақылдасты. Пайперс өткен жылғы күзде «Қайраттың» техникалық директоры болу ұсынысын қараған болатын, алайда тараптар уағдаластыққа келе алмады. Енді оған «Тараз» өкілдері бас жаттықтырушы қызметін ұсынып отыр.
Ертең Пайперс «Тараз» - «Тобыл» матчында болады, дүйсені күні оның Қазақстанда қалу-қалмауы белгілі болады.