Жауапсыз кәсіпкерлерге рұқсат берген шенеуніктер жазалануы тиіс - Елбасы

АСТАНА.  22 маусым. ҚазАқпарат - Бүгінде Үкімет пен бизнестің әріптестік қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруді көздеп отырмыз.

Жауапсыз кәсіпкерлерге рұқсат берген шенеуніктер жазалануы тиіс - Елбасы

Осы жұмыс барысында тұтынушыларды ұмытпау қажет. Бүгін Ақордада кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабаев  осылай айтты.

Елбасының айтуынша, ішкі және сыртқы сұраныс Үкімет пен бизнестің ортақ жұмысы қаншалықты тиімді екендігін көрсетуі тиіс.

«Басты мәселе, халықтың қауіпсіздігі. Улану, алдап кету немесе апат болған жағдайда мемлекеттің үйлестіру жұмысы басым болуы шарт. Осындайда кәсіпкерлерге рұқсат қағазын берген шенеуніктерді жауапқа тарту бойынша әлемдік тәжірибені қолға алу керек. Оған қарсылық көрсетудің қажеті жоқ. Бәрі бір соған келеміз», - деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Сондай-ақ Президент, кәсіпкерлердің бүгінгі жауапкершілігін одан да күшейту қажет деп санайтындығын айтты.