Жауғашты әйелдер колониясының маңында саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш орнатылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 1 маусым. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жауғашты кентінде ХХ ғасырдың 30-жылдарында ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарының жерленген жерінде монумент ашылды.

Жауғашты әйелдер колониясының маңында саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш орнатылды

«Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым» - «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына құрмет» атты митингіге Қазақстанның танымал ғалымдары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мешіт пен шіркеудің өкілдері қатысты.

Іле ауданы әкімдігінің және ІІМ Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері ескерткішті салтанатты түрде ашты.