Жауын-шашын салдарынан Алматыдағы көлік кептеліс 10 балға жетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы жауын-шашын салдарынан көлік кептелісі күшейді. 

Жауын-шашын салдарынан Алматыдағы көлік кептеліс 10 балға жетті
Фото: Kazinform

2GIS картасының мәліметіне сәйкес, Алматыдағы көлік кептелісі 10 балға жетті. Қазір қаланың негізгі көшелерінің бәрі қызыл түспен белгіленген.

Жауын-шашын салдарынан Алматыдағы көлік кептеліс 10 балға жетті
Фото: Kazinform

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, 23 қыркүйек күні таңғы сағат 5-тен басталған жауын-шашын 24 қыркүйек таңға дейін тоқтамайды. Қала бойынша коммуналдық және жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, «Алматы тазалық» мекемесі мен мердігер ұйымдардың 123 арнайы техникасы, 74 мотопомпа, 20 ассенизатор көлігі, сондай-ақ 75 жедел бригада тартылды. Олардың құрамында 425 жұмысшы бар.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда үш бағытта метроның 23 бекеті салынатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар