10:34, 13 Мамыр 2009 | GMT +5
Жауынгердің өліміне қатысты әскери қызметкерлер бас бостандықтарынан айырылды
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Алматы гарнизоны әскери сотының шешімімен жыл басында Гвардейский кентіндегі нөмірі 82796 әскери бөлімде ақмолалық жауынгер Әнуәр Елеусізовтың өліміне қатысты осындағы әскери қызметкерлердің біреуі 6 жылға, екіншісі 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Осы бөлімде азаматтық борышын өтеп жүрген жауынгердің мәйіті бес қабатты ғимараттың жанынан табылған. Тергеу барысында анықталғандай, Мадияр Нәдіров пен Мирас Аманқұлов әскери тәртіпті бұзып, Әнуәрға әлімжеттік жасаған. Гвардейский гарнизонының әскери прокуроры Алмас Тәукебаевтың пайымдауынша, жауынгерлер ортасында тәрбие жұмыстары жүргізілгенімен, қоғамға жат қылық оқиғалары сақталып отыр. Ал жаңажылдық кезекшілік кезінде келісімшарт бойынша әскери қызметке алынған жауапты тұлғалар қызмет орнын тастап кеткен. Былайша айтқанда, жауынгерлер өз еркінде қалған. Сот шешімімен қанды оқиғаға қатысты қылмыскерлер ҚР ҚК-сінің 370-ші бабы 3-ші тармағы бойынша жауапқа тартылды.