Жауынгердің сүйегі 78 жыл өткен соң туған жеріне жеткізілді

Осыған орай, Көкшетаудағы Даңқ мемориалы алдында «Ерлікке тағзым» естелік акциясы өтті.
Сонау 1944 жылдың көктемінде Старая Русь қаласында қаза болған жауынгердің сүйегін биылғы жылдың мамыр айында Ресейдің Новгрод облысы Холм қаласындағы «Пирамида» іздеу отряды тапқан.
Майдангерді ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне аймақ басшысы Ермек Маржықпаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
«Шейіт болып, хабарсыз кеткен жауынгер мен офицерлердің сүйегін тауып, туған жеріне жеткізуге атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін», - деді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.
Еске сала кету керек, 2018 жылдың 9 мамыры қарсаңында 76 жыл өткеннен кейін табылған жауынгер Әбілқасым Жаманбаевтың сүйегі елге жеткізіліп, Көкшетаудағы мұсылмандар зиратына жерленген болатын.