Жаяу адамды көлігімен қағып өлтіріп, қашып кеткен астаналық ұсталды - Көкшетау
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ер адамды соғып, ізін суытқан көлік жүргізуші құрықталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Полицейлердің мәліметі бойынша жедел-іздестіру шарасы барысында
«Тойото Авалон» жеңіл көлігінің жүргізушісі 1983 жылғы Астана қаласының тұрғыны ұсталды. Сонымен қатар, қаза болған адамның 1960 жылғы екені анықталды.
Еске сала кетсек, қазанның 06-ы күні Көкшетауда Краснояр кентіне барар тас жолдың бойында, яғни, 2-ші саяжай тұсында белгісіз көлік жаяу жүргінші қағып кеткен болатын. Зардап шегуші ауыр жараланып, сол жерде көз жұмған. Ал соққан адам көмек көрсетудің орнына оқиға орнынан қашып кеткен.