Жайық суы тасыды: Атырау-Орал жолының 80-85-шақырым аралығы жабылуы мүмкін

 «Атырау-Астрахан» автожолының құрылысы биыл аяқталады
Фото: primeminister.kz

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау-Орал трассасының 80-85-шақырымының аралығы жабылуы мүмкін.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың айтуынша, Жайық өзенінің суы арнасынан асқан. 

Осыған байланысты Атырау-Орал трассасының 80-85-шақырымы аралығында жеңіл автокөлік қозғалысы бүгіннен бастап тоқтатылуы мүмкін.

Көлік жүргізушілеріне балама нұсқа ретінде облыстық маңызы бар Атырау-Индер трассасымен жүру ұсынылып отыр.

Махамбет және Индер ауданының Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан елді мекендеріне қатынау үшін Махамбет-Ортақшыл ауылының маңындағы көпірден өтуге болады. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау-Индер трассасы су өткізетін 6 құбыр салу үшін тағы уақытша жабылатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар