Жайықтың көтерілуіне байланысты Атыраудағы балалар ауылында кезекшілік қойылды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атыраудағы балалар ауылында кезекшілік қойылды. 

Жайық
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы Атырау қаласының маңындағы Талқайраң елді мекенінде орналасқан. Балалар ауылының директорының міндетін атқарушы Қасым Мұқашевтің айтуынша, мұндағы 8 отбасыда 44 бала тәрбиеленеді.

«Тәрбиешілер тәулік бойы балалар ауылында болады. Мектеп жасындағы оқушылар Бесікті, Талқайраң, Геолог ауылдарындағы мектептерде білім алады. Балалар ауылында 49 қызметкер жұмыс істейді. Қазір балалар ауылының айналасына метрлік бөгет соғылды. Су басу қаупі төне қалса, тәрбиеленушілерді эвакуациялауға дайынбыз. Дабыл сөмкелері дайындалып, эвакуациялау орны белгіленді. Жайық өзеніндегі су деңгейі тұрақтанғанша, тәулік бойына жұмыс істейтін арнайы кезекшілік тобы құрылды. Балаларды тасымалдауға екі көлік дайын тұр», - деді Қасым Мұқашев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар