«Жайлы мектеп» ұлттық жобасына өзгерістер енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 30 сәуірдегі Үкімет қаулысымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары нақтыланды. Осылайша екі ауысымда оқитын мектептер мәселесін шешу үшін кемінде 460 400 оқушы орнымен қамту жоспарланып отыр:
— 2024 жылы — 257 000 жаңа оқушы орны (бұрын 260 600 орын жоспарланған болатын);
— 2025 жылы — 203 400 жаңа оқушы орны (бұрын 199 800 орын жоспарланған).
Апатты жағдайдағы мектептерді азайту:
— 2023 жылы — 0,2%;
— 2024 жылы — 0,2%;
— 2025 жылы — 0,1%.
Ұлттық жобаға сәйкес 460 400 жаңа оқушы орнын (екі ауысымды оқыту жағдайында) салу жоспары:
2024 жылы — 454 000 орын;
2025 жылы — 6 400 орын.
Жайлы мектептерді пайдалануға беру үлесі:
— 2024 жылы — 50,6%, оның ішінде: қалаларда — 30,3%, ауылдарда — 20,3%;
— 2025 жылы — 100%, оның ішінде: қалаларда — 60,9%, ауылдарда — 39,1%.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Сәуірде жыл соңына дейін ел бойынша 112 жайлы мектеп пайдалануға берілетіні белгілі болды.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы биылғы құрылтай отырысында жайлы мектептер құрылысын сынға алған еді.