Жайық өзеніне апалы-сіңлілі қыздар батып кетті

ОРАЛ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Шілденің 11-інде Оралдағы Чикменная көшесі ауданында Жайық өзеніне шомылып жүрген 1993 және 1996 жылғы апалы-сіңлілі қыздар суға батып кетті.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, қыздардың жансыз денесі судан шығарылды.

Осымен Батыс Қазақстан облысында биыл суға кеткендер саны 25-ке жетті. Биыл облыстың судан құтқару қызметі 79 адамды ажалдан арашаласа, соның 29-ы - балалар.

Соңғы жаңалықтар