Жайық өзеніне жеңіл автокөлік батып кетті, 7 жасар бала мерт болды
АНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырау қаласында Жайық өзенінің үстімен өтпек болған жеңіл автокөлік суға батып кетті, 7 жасар бала мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
Қайғылы оқиға 19 қаңтар күні түнгі сағат үш шамасында болды. «Нива» автокөлігінде 6 жолаушы болды. 2004 жылы туған баланың денесі судан бір сағаттан кейін шығарылды.
Құтқару жұмыстарымен ҚР ТЖМ «ЗРАОСО» ММ-нің 6 адамы мен 1 техникасы, судан-құтқару қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы айналысты.