Жайық өзенінің жасыл түске боялу себептері анықталуда

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Жайық өзенінің ашық жасыл түске боялу себептері анықталуда.
None
None

«Бұл ерекше құбылыс. Бір қарағанда, балдырлардың көктеуі сияқты. Алайда мұндай жағдайда Жайықтың бұлай жасылдануын бұрын көрмеген едім. Экологтар, санитарлық дәрігерлер және облыстық әкімдіктің сұрауымен тәуелсіз зертханалардың бірі су сынамасын алды. Оған талдам жасалған соң бұл ерекше құбылыстың орын алу себептері анықталады деп үміттенемін», - деді су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейні инспекциясының басшысы Бейсен Қуанов.

Еске сала кетейік , бұған дейін Жайық өзеніне көп көлемде бояу ағызылған деп шамаланған еді. Бұл нұсқа де тексерілуде, алайда жасыл түске боялған судың еш иісі жоқ. Жайықтың боялу себептерін анықтау Атырау облысының табиғатта қорғау прокуратурасының бақылауына алынған. Су жүретін құбырдағы судан дусттың (зиянды жәндіктерді жоюға арналған улы ұнтақ) иісі шығуы да назарға алынды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум