«Жайық Пресс» ЖШС-інде «Нұр Отан» ХДП бастауыш ұйымы құрылды

ОРАЛ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерін біріктіретін «Жайық Пресс» ЖШС-інде «Нұр Отан» ХДП бастауыш ұйымы құрылды. Ұйым төрағасы болып бас директор Жантас Сафуллин сайланды.

«Жайық Пресс» ЖШС-інде «Нұр Отан» ХДП бастауыш ұйымы құрылды

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының ұйымдастыру және партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Серік Дәулетов пен «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Сарқұлов 15 қарашада «Жайық Пресс» ЖШС-інде еңбек ететін партияның жаңа мүшелеріне партия билетін салтанатты жағдайда табыстады. Сөйтіп «Жайық Пресс» ЖШС-ініңң 21 қызметкері «Нұр Отан» партиясының мүшесі атанды.

Халық арасында жоғары беделге ие партияның құрамында бүгінгі таңда облыс бойынша 28444 адам, 322 бастауыш партия ұйымы бар.