Жайықта кемемен қыдыртатын туристік бағыт ашылды
Саяхаттаушыларды тасымалдау үшін Оралда арнайы кеме жасалған. Отыз орындық су көлігі жергілікті мекемелердің еншісінде. Саяхатшылар үшін арнайы жабдықталған кеме демалушыларға ыңғайлы етіп жасалған. Соңғы 20 жылда мүлде тоқтап қалған туристік бағыт қайта қолға алынды. - Біз демалушыларды күніне 1,5 сағаттан 4 рет тасымалдаймыз. Жайық өзенінің бойымен ондаған шақырым жүріп өтеміз. Істі жаңа бастадық, әзірге халық көп біле бермейді. Болашақта танымал боламыз деген үміттеміз, дейді тасымалдаушы компания өкілі Жәния Борашева.
Бұл бағыт туристерге қызмет көрсетуші компания өкілдерінің көңілінен шықты. Болашақта екі жақ бірігіп қызмет етпек ниетте. Алдымен жергілікті оқу орындарында мұнайлы мекеннің көрікті жерлерін таныстырушы арнайы мамандар дайындалмақ.
- Суда жүретін бағыт бұл қашан да көпшілікті өзіне тартады. Кез келген қонақ немесе шетелдіктер келген жерінің тарихын білгісі келіп тұратыны анық. Сондықтан ішкі туризмді дамытуда бұл бағыттың болашағы зор деп есептеймін, дейді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаева.
Алдағы аптадан бастап алғашқы гид-мамандар көпшілікке қызмет көрсете бастайды. «Бұл жай ғана су көлігімен қыдыру емес, келушілердің көңілін аулап, өзіне баурайды, - дейді мамандар. Туристік операторлар да енді өз тізімдеріне осы бағытты енгізбек. А