Жаз шыққалы бері Алакөл жағасында 120-дан астам бала жоғалған

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Абай облысы Мақаншы ауданындағы Алакөл жағасында балалар жиі жоғалып кетіп жатыр.

Жаз шыққалы бері Алакөл жағасында 120-дан астам бала жоғалған
Фото: Абай облысының әкімдігі

Жаз шыға салысымен халық жаппай Алакөл жағасына ағылады. Жалғыз емес, бала-шағасымен баратындар да көп. Олардың арасында құжынаған нөпір арасынан баласынан көз жазып қалатындар жоқ емес. 

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, биыл баласын таба алмай тәртіп сақшыларына хабарласатындар жиілеген.

— Алакөл жағалауында туристік полиция қызметкерлері суға түсу маусымы басталғалы бері балалардың жоғалуына байланысты жиі хабар түсті. Әсіресе Арбат аумағындағы адам көп жиналатын орындарда ата-аналар балаларын жоғалтып алады. Маусым-шілде айлары аралығында осындай 120-дан астам жағдай тіркелген. Абырой болғанда, барлық бала дер кезінде табылып, ата-аналарына аман-есен жеткізілді, — делінген ақпаратта. 

Еске салсақ, осыған дейін Алакөлдегі заңсыз қоқыс полигоны туристерді шошытқаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар