03:16, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Жазда неге қарбыз жеу керек?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарбыз ең нәрлі өнімдердің біріне жатады. Біріншіден, ол салмақ азайтады. Өйткені онда цитруллин амин қышқылы бар. Бүйрек оны аргининге айналдырады. Осы бірігу май жасушаларына майдың шоғырлануына кедергі болады. Әрі цитруллин сілтілік фосфат белсенділігін жояды. Нәтижесінде май жасушалары аз май бөледі.
Цитруллин зақымданған тері орнына лейкоциттердің жетуін жылдамдатады. Яғни, жаңа тіннің қалыптасу, жараның жазылу үрдісін тездетеді, деп жазады Meddaily. Әрі қарбызда А дәрумені мол, ол көз торындағы дақты өңдеуге жәрдемдеседі. Ол жасаралық макулярлық дегенерациядан, ақшам соқырлықтан қорғайды. А дәрумені терінің жастығын, тісті, сүйекті, жұқа тіндерді, шырышты қабықты қолдайды.
Сонымен бірге қарбыздың органикалық дақтары жүрек жүйесі жұмысын жақсартады. Холестириннің көтерілуіне жол белмейді. Дене температурасын, қан қысымы көрсеткіштерін жақсы реттейді, сондықтан да қарбыз күн өтуден қорғайды. Ол тер бөлінуді азайтып, дененің салқындауына ықпал етеді.