07:45, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
Жаздың алғашқы күні Павлодарда балаларға арналған ертегілік қойылымдар, конкурстар, жарыстар мен концерттер болады
ПАВЛОДАР. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Маусымның 1-і, Балаларды қорғаудың халықаралық күні Павлодардың қалалық мәдениет үйі, ойын-сауық орталықтары және демалыс саябағы балалар үшін өз есіктерін айқара ашады,
деп хабарлады білім бөлімінен.
Балалар қуыршақтар театрының орындауындағы «Сиқырлы қылқалам» ертегісін көреді, тегін кинофильмдер тамашалайды, ал саябақ аллеясында жас суретшілер асфальтқа сурет салудан жарысатын болады. Сондай-ақ, балабақшалардың, мектептер мен демалыс орталықтарының ұжымдары концерттер қояды.
Есілдің жағалауында жас өркендер «Біз -Қазақстанның келешегіміз» атты шеру өткізеді. Ал кешке жағалаудағы жазғы эстрадада «Балалық шақ» мерекелік қойылымы өтеді.
Қоғамдық көліктер бұл күні балаларды тегін тасымалдайтын болады.