Жазғы демалыста Солтүстік Қазақстан облысында 1500-ге жуық студент пен оқушыны жұмыспен қамту жоспарлануда

ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Биылғы жазғы демалыста Солтүстік Қазақстан облысындағы студенттер мен жастардың еңбек отрядтары штабының жетекшілері 1,5 мыңнан астам студент пен оқушыны жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жастар студенттік және «Жасыл ел» жасақтарына шын ықыласпен келуде, себебі бұл ақша табудың, еңбектенудің және жаңа достар табудың жақсы мүмкіндігі. Олар тұрғын үйлердің құрылысына, елді мекендерді абаттандыруға атсалысады. Еңбек отрядтарындағы орташа жалақы 20-25 мың теңгені құрайды, штабтарға өтініштер сәуірден бастап түсе бастаған және жазғы еңбек семестрінің соңына дейін қабылданбақ.
Соңғы жаңалықтар