03:48, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Жазғы универсиада ойындары: Қазақстан екі орынға төмен сырғыды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тайбэй қаласында өтіп жатқан Жазғы универсиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Сергей Григорьев күміс жүлдеге ие болғанына қарамастан, еліміз медальдардың жалпы есебінде екі орынға төмен сырғыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеті күн бойғы жарыстардан кейін Қазақстан 14-інші орында болған еді, бірақ келесі күні 16-орынға төмен түсті. Еліміз қоржынында 14 медаль бар, оның 3 - алтын, 5 - күміс және 6 - қола.
Жексенбі күнгі жарыстардың нәтижесі бойынша, Жапония көш бастады - 78 медаль (30-20-28). Оңтүстік Корея тиісінше екінші орынға сырғыды - 71 медаль (27-18-26). Қытайлық Тайбэй бұрынғыша үшінші орында - 63 медаль (17-26-20).