Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жазира Жаппарқұл ата-баба рухына арнап ас берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін барша қазақ еліне қуаныш сыйлаған күміс қызымыз Жазира Жаппарқұл туған-туыстарын жиып, елге аман-есен жеңіспен оралғанына ата-баба рухына бағыштап ас берді, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жазира Жаппарқұл ата-баба рухына арнап ас берді

Асқа жиналған көпшілік Қазақстанның көк байрағын көкке желбіреткен, зілтемір көтеруден Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған тұңғыш қазақ қызы Жазираны жеңісімен құттықтап, алдағы байрақты бәсекеде мұнанда биік белестерді бағындырып, Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарында алтын жүлдені иеленуге тілектестігін білдірді.

Жиын соңында «Рәтәй қажы» мешітінің имамы П.Ізбасханов әруақтарға құран бағыштап, ақ батасын берді.