Жазушы Валерий Михайловқа жоғары мемлекеттік марапат беріледі
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Валерий Михайловты жоғары мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Татьяна Бурмистрова «Отан», Мақпал Жүнісова «Барыс» орденімен марапатталғанын жазған болатынбыз.