Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жібек Құламбаева Румыниядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Яссы (Румыния) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жібек Құламбаева
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші армениялық Алина Чараевамен бірге ширек финалда ресейлік Алевтина Ибрагимова — испаниялық Георгина Гарсия-Перестің мысын басты.

Бірінші партияда қазақстандық-армениялық дуэт 6:2 есебімен басымдылық танытты.

Екінші сетте де олар есесін бермеді – 7:5.

Бір сағат 17 минутқа созылған бәсекеде Құламбаева – Чараева 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын құр жіберген жоқ. Ибрагимова – Гарсия-Перес 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Жібек Құламбаева – Алина Чараева финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, бельгиялық Магали Кемпен – ресейлік Александра Пановамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваының жұптық сында Румыниядағы жарысты жалғастыратынын жазған едік.