Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің жартылай финалында өнер көрсетеді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 309-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W35 турнирінің жартылай финалына өтті.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда рейтингіде 497-орында тұрған ресейлік Арина Булатовамен кездесті.
Бірінші партияда Жібек 6:1 есебімен айқын басымдылық танытты.
Екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.
Бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева финалға шығу үшін әлемнің 310-ракеткасы, Солтүстік Македония өкілі Лина Джёрческа немесе рейтингіде 514-сатыдағы ресейлік Анастасия Золотарёваның қай жеңгенімен таласады.
Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 302-орынға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Сербиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.