Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде жұптық сында жартылай финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Аурангабад (Үндістан) ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Жібек Құламбаева мен ресейлік Екатерина Яшина ширек финалда нидерландылық Мелисса Бойден — малайзиялық Эльза Ванды ойсырата жеңді.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп айқын басымдылық көрсетті — 6:1.
Екінші сетте де сол қарқындарынан танған жоқ — 6:3.
Матч 1 сағат 5 минутта аяқталды.
Жібек Құламбаева — Екатерина Яшина финалға шығу үшін үндістандықтар Чевика Редди Сама — Саумия Рондемен таласады.
Осылайша, Жібек бір күнде жекелей және жұптық сында да жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ-тағы турнирде Юлия Путинцеваның жұптық сында ширек финалға өткенін жазған едік.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде қарсыласын бет қаратпай жеңді.