Жібек жолының айға ұқсас пейзаждары: The Washington Post назары Маңғыстауда

АСТАНА. KAZINFORM — Беделді The Washington Post басылымы Маңғыстау облысының ландшафттарына назар аударды. Мақалада Қазақстанның туристік локациялары Жібек жолының айға ұқсас пейзаждары ретінде сипатталады.

Жібек жолының айға ұқсас пейзаждары: The Washington Post назары Маңғыстауда
Фото: The Washington Post

Материал авторы өңірге жасаған сапары туралы баяндап, шетелдік аудиторияның назарын Бозжыра, Торыш шатқалдары мен Жығылған ойпатының табиғи бірегейлігіне аударады.

Жібек жолының айға ұқсас пейзаждары: The Washington Post назары Маңғыстауда
Фото: The Washington Post

«Торыш немесе Шарлар алқабы — ландшафт бойына уақ тастардан бастап ірі валундарға дейінгі жүздеген домалақ тастар шашырай орналасқан орын. Ғалымдар олардың қалай пайда болғаны жөнінде әлі күнге дейін ортақ пікірге келген жоқ. Ал мен алқап бір кездері құдайлардың ойын бөлмесі болған деген жергілікті теорияны құптаймын.

Жығылған — ұзындығы бірнеше шақырымға созылатын, ғимараттармен шамалас тастарға толы ойпат. Алыстан қарағанда, бір кездері Каспий теңізінің жағасында бір алып отырып, астындағы жерді ойып кеткендей әсер қалдырады», — деп жазады The Washington Post.

Жібек жолының айға ұқсас пейзаждары: The Washington Post назары Маңғыстауда
Фото: The Washington Post

Материалда оқшауланған әрі аутентикалық саяхат тәжірибесіне ерекше назар аударылады.

Жібек жолының айға ұқсас пейзаждары: The Washington Post назары Маңғыстауда
Фото: The Washington Post

Маңғыстау облысының танымдық туризм бағыты ретіндегі халықаралық тартымдылығы артып келеді, бұл туристік ағынның өсуімен де байқалады.

Жібек жолының айға ұқсас пейзаждары: The Washington Post назары Маңғыстауда
Фото: The Washington Post

Айта кетейік, Бозжырада алғашқы қонақүй құрылысы басталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум