Жедел шахматтан Қазақстан чемпионаты аяқталды
АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандыда жедел шахматтан Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Дәстүр бойынша жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен шахматшылар қатысты. Әр командада төрт ойыншыдан болды - үш ер адам, бір әйел. Жас ерекшелікке шектеу қойылмады. Үздіктер болып павлодарлықтар, алматылықтар және астаналықтар атанды, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.