Жедел жәрдем қызметкерлері бейне жетондармен қамтамасыз етілуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жайында айтып берді.

жедел
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

- Күн тәртібінде кәсіптік қызметіне байланысты денсаулығына зиян келуі мүмкін медицина қызметкерлерін сақтандыру мәселесі тұр. Біз бұл мәселені кеше ғана барлық жедел медициналық көмек ұйымдарының басшыларымен талқыладық. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының тәжірибесі негізінде оларды бейне жетондармен қамтамасыз ету мүмкіндігі пысықталып жатыр. Бұл мәселе де нормативтік тұрғыда реттелетін болады. Менің ойымша, мұны істеу қиын емес, - деді А. Әлназарова Парламент Мәжілісіндегі тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қайтыс болған науқастың туыстары қостанайлық жедел жәрдем фельдшерін соққыға жықты.

Осыған дейін Бейнеуде мас адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасағанын жаздық

Соңғы жаңалықтар