13:25, 29 Сәуір 2025 | GMT +5
Жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуларға видеожетонмен баратын болады
АСТАНА. KAZINFORM – Жедел жәрдем қызметкерлерін дөрекі әрекеттерден қорғау үшін видеожетон тәсілін енгізілмек. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырсынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты .

- Біз бүкіл шақыртуларды тіркейтін видеожетон тағу тәсілін енгіземіз. Сол үшін №225-бұйрық шығардық. Әкімдіктер осы бұйрық негізінде қажетті қаражат бөлу керек. Жыл аяғына дейін кезең-кезеңмен осы жұмысты жүргіземіз деп ойлаймын.
Алматы да осы тәжірибені пысықтап көрдік. Бұл медицина қызметкерлерін де, кейбір дөрекі базбұзарларды да тәртіпке салады, - деді ол.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елдегі санитариялық автокөліктерді GPS навигациясымен жабдықтау 100 пайызға жеткенін мәлім еткен болатын.