Жеделдетілген индустрияландыру бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстанда биыл 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады

ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Жеделдетілген индустрияландыру бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстанда 2010 жылы 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады,
None
None

оның алтауы бірінші жартыжылдықта атқарылады.

Шілденің 1-іне дейінгі аралықта іске қосу жоспарланып отырған жобалардың қатарында құрылыс материалдары зауыты, сондай-ақ «ЗИКСТО» акционерлік қоғамының базасында агромераттар мен ыстық шекемтастар тасымалдауға арналған вагон-хопперлер жасайтын желі бар.

Тағы бір жоба «С.М.Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамында қолға алынады. «Сандық телеарна үшін өнімдер шығару» жобасына сәйкес, кәсіпорын ретрансляторлар шығаруды жоспарлап отыр. Аталмыш үш инвестициялық жоба Петропавлда жүзеге асырылады, ал тағы үш жоба - мал шаруашылығы мен сүт кешендерін ашу, кеніштерді игеру жобалары облыстың селолық аудандарында жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар