Жеке сектордағы шағын несиелердің 98 пайызы қалаларда беріледі - ҰЭМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеке сектордағы шағын несиелердің 98 пайызы қалаларда беріледі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев осылай мәлім етті.
None
None

Үкімет отырысында министр Елбасының тапсырмаларын орындау аясындағы микрокредиттеу және шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша баяндаған болатын. «Елімізде бүгінгі күні барлық көздерді қоса алғанда 120 миллиард теңгені құрайтын 556 мың шағын несие беріледі. Соның ішінде кәсіпкерлік мақсаттағы несие көлемі 64,6 млрд теңгені құрайтын 138 мың несие ұйымдары арқылы беріледі. Бұл ретте барлық шағын несиелердің 98 пайызы қалаларда ұсынылады. Бұның бәрі жеке сектордағы дүниелер. Ал мемлекет тарапынан берілетін шағын несиелер «Жұмыспен қамту», «Бизнестің жол картасы» секілді бағдарламалар бойынша беріліп жүр», - деді министр.

Оның айтуынша, мемлекет тарапынан берілетін несиелердің басым бөлігі ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға негізделген. Ал ірі қалаларда мемлекеттік шағын несиелер берілмейді.

«Дегенмен, бұл бағдарламалардағы шағын несиелерді ұсыну бір-бірін қайталайды. Ауылда, қалада бірыңғай оператор жоқ. Нәтижелілігі бойынша мониторинг те жүргізілмейді», - деді Қ. Бишімбаев.

Соңғы жаңалықтар