Жеке тасымалдаушылардың автобустарының 25 пайызы жабдықтауға жарамсыз - Б.Байбек.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбек қазанның 1-інен енетін электронды билеттендіру жүйесімен танысты. Таныстыру барысына жоба авторлары жұмыстың ілгері жылжуына кедергі келтіріп отырған бірқатар мәселені алға тартты.
None
None

«Алматы транспорт холдинг» компаниясының акционері Абдураманов Ильфат жаңа бастаманы қолға алуға жеке автопарк иелерінің келіспей отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, маманның сөзіне сенсек, жеке автопарк иелері электронды билеттендіру құрылғыларына материалдық жауапкершілік алудан бас тартып отыр. «Осыған дейін валидаторларды автопарктерге таратты. Бірақ, ешкімде материалды жауапкершілік болған жоқ. Нәтижесінде валидаторлардың сатылып алынғанын ешкім дәлеледей алған жоқ. Сондықтан, компания берілген техникаға материалды жауапты болу керек», - деді И.Абдураманов. Оның айтуынша, 1 автобусты қажетті құралдармен жабдықтауға 1,5 мың АҚШ доллары кетеді. Қазір 20 жеке компанияның 8-і келісімге келуден бас тартып отыр. «Кім техниканы алды сол техника үшін жауапты болғаны әділетті. Адал әрі өркениетті жұмыс істегісі келмегендер нарықтан кетуі керек. Жеке тасымалдаушылардың автобустарының 25 пайызы жабдықтауға жарамсыз. Бұл адамдардың өміріне қауіп төндіреді», - деді Б.Байбек. Айта кету керек, 1 қазаннан бастап, Алматыда қоғамдық көлікте ақша төлеу жүйесінде өзгерістер пайда болады. Яғни, жолаушылар 1 қазаннан бастап, «Оңай» жол картасын сатып алуы тиіс. 3 ай бойы тексерушілер арнайы терминал арқылы жолаушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, билет сататын болады. Үш айдан соң бақылаушылар тек тексеруге көшеді. Яғни, жаңа жүйе 1 қаңтардан бастап толық іске қосылады. Әзірге жаңа жабдықтау «Алматыэлектротранс» МКК 864 қоғамдық көлігінде орналастырылатын болады. Қазір электромонтаж жұмыстары аяқталды.

Соңғы жаңалықтар