09:45, 03 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Жеке тұрғын үйден шыққан өрттен 3 адам қаза тапты
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданына қарасты Октябрь ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

130 шаршы метр аумақты шарпыған өрт орнынан 3 адамның денесі табылды. Сонымен қатар денесін күйік шалған 1970 жылы дүниеге келген азаматша ауруханаға жеткізілді.
Қызыл жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөніру қызметінің 10 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.