Жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Қазақстан кубогында Ә. Батаев жеңіске жетті
- Жекпе жек - біздің ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық спорт түрінің бірі. Біз тек сол жолды жаңадан жаңғыртып, жастарға үлгі етіп, облыста да дамыту мақсатында еңбектенудеміз. Бұл бағытта жетістіктеріміз де бар. Соның бірі - Әнуарбектің жеңісі, - дейді Атырау облысының жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының президенті Мәдихан Бекбенбетов.
Тартысқа толы бәсекеде Әнуарбек төрт кездесу өткізіп, оның үшеуін уақытынан бұрын таза жеңді. Ал, финалдағы қарсыласы - батысқазақстандық спортшыны айқын басымдықпен ұтты. Спортқа келгеніне үш жылдай уақыт өткен Әнуарбектің бұл - республика деңгейіндегі алғашқы жетістігі. Бірақ, алда үлкен жауапкершілік күтіп тұр. Енді әлем кубогында елдің абыройын асқақтатып, көк Туымызды аспанда қалықтатуына тілекшіміз.