Жексенбі күні күн райы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктердің ескертуі бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігіне Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейіп, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр жауады.
Өрт қаупі жоғары:
Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау облыстарының таулы аймақтарында, Абай облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен батысында, Атырау облысының оңтүстігі мен батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және батысында, Павлодар облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының батысы мен орталығы, Алматы облысының орталығы және Жетісу облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мегаполистердегі ауа райы:
Астана: Ауыспалы бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел – солтүстік-шығыстан, солтүстіктен, 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 10–12°C, күндіз 18–20°C жылы.
Алматы: Ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел – батыстан, 3–8 м/с, найзағай кезінде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде 14–16°C, күндіз 22–24°C жылы.
Шымкент: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан, 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде 15–17°C, күндіз 30–32°C жылы.