Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жексенбі елдің басым аумағында жаңбырлы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 14 мамыр күні елдің  басым аймағында тұрақсыз күн райы сақталады. 

Жексенбі елдің басым аумағында жаңбырлы болады

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ тұман мен желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Жауын-шашынсыз ауа райы тек батыста болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейетіні күтіледі, Қызылорда облысында шанды дауыл болады, Қарағанды облысының жекелеген аумақтарында бұршақ күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болжанады.