Жексенбі күні Конституция күнін мерекелеуге байланысты автокөлік қозғалысы шектеледі

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Гүлнар Жандағұлова/ - Тамыздың 30-ында Конституция күніне арналған мерекелік шаралар өткізуге байланысты елорданың орталық  бөлігі мен «Қазақ елі" алаңы ауданында сағат 8-ден шаралар аяқталғанға дейін көлік құралдарының қозғалысы бірқатар учаскелерде шектеледі,

Жексенбі күні Конституция күнін мерекелеуге байланысты автокөлік қозғалысы шектеледі

деп хабарлайды Астана жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, бұл мына даңғылдар мен көшелерге қатысты: Б.Момышұлы даңғылы - Тәуелсіздік дваңғылынан Сарайшық көшесіне дейін, Тәуелсіздік даңғылы - №42 көшеден Б.Момышұлы даңғылына дейін, Айнакөл көшесі - Ақжол көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін, №41 көше - Сарайшық даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін.

Сарайшық даңғылы бойынша №-1 көпірде қозғалыс шектеліп, көліктер Орынбор көшесіне қарай бұрылып кетеді.

Көрермендерді мерекелік серуендер өтетін орынға жеткізу үшін жинау мына жерлерде болады: Республикалық ұлан, «Отан қорғаушылар» мемориалы, «Жастар» сарайы, К.Байсейітова атындағы опера және балет театры, «Астана» елордалық циркі, «Бәйтерек» монументі, орталық алаң және «Жас ұлан" республикалық мектебі, деп хабарлады баспасөз қызметі.