03:05, 17 Сәуір 2022 | GMT +5
                                        Жексенбіде ел аумағында жауын-шашынсыз күн райы сақталады
                                            НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 сәуір күні ҚР аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің тек орталығы, солтүстігі мен оңтүстігінің жекелеген жерлерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Оңтүстікте сондай-ақ найзағай болжанады. Республика бойынша екпінді жел тұрып, батыста сонымен бірге тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
                                        
                                        
                                     
                                              Атап айтқанда, Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі, таулы асуларда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Таңертең Атырау облысының оңтүстігінде тұман болады.