00:17, 15 Қаңтар 2023 | GMT +6
Жексенбіде Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында 36 градусқа дейін қатты аяз сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 15 қаңтар, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронттарға байланысты қар жауады, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді.
Тек республиканың оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 31-36 градус өте қатты аяз сақталады.
Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-32 градус қатты аяз болады.