15:45, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жексенбідегі жылу тапшылығы жойылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ – Облыс орталығының тұрғындары бүкіл қаланы жылумен қамтамасыз ететін «Басқуат» қазандығы орталық магистральдары учаскелерінің біріндегі апаттан бір жарым тәулік бойы жылу және ыстық су тапшылығын бастан кешті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, құбырдың жарылуы жексенбіге қараған түні орын алған. Апат салдарын жоюға адамдар мен техникалар барынша көп тартылды. Апат түстен кейін жойылды, ал сол күні кешке талдықорғандықтардың пәтерлеріне жылу беріле бастады.