06:10, 17 Ақпан 2024 | GMT +5
Желдің күшеюі, тұман, көктайғақ - 17 ақпанға жасалған күн райы болжамы
АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 17 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік - шығысында бұрқасын соғып, қар жауады.
Сонай-ақ, түнде Алматы, Маңғыстау облыстарында қалың қар жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.