Железинка ауылындағы 16 отбасы жаңа жылды жаңа пәтерлерде қарсы алады - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жылдың қарсаңында Павлодар облысының Железинка ауылында жаңа екі қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады ішкі саясат басқармасынан.

Железинка ауылындағы 16 отбасы жаңа жылды жаңа пәтерлерде қарсы алады - Павлодар облысы

Ол «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынды. Бұл пәтерлерді еңбек ардагерлері, әлеуметтік көмекке құқығы бар мамандар мен тұрғындар тобындағы 16 отбасы алды.

 Жаңадан қоныстанушыларға пәтерлердің кілттері салтанатты жағдайда тапсырылды.