«Желкен астындағы театр» тойы бір апта бойы тойланбақ

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Австралиядағы Сидней қаласының бетке ұстар орындарының бірі - Опера ғимараты 40 жылдық мерейтойын атап өтті.
None
None

Салттық рәсімдерімен ашылған «Желкен астындағы театрдың» тойы бір апта бойы тойланады деп күтілуде. Ал 27 қазанда мерейтой Бетховеннің тоғызыншы симфониясы орындалатын мерекелік концертпен аяқталады. 1973 жылы театр шымылдығы дәл осы туындымен ашылған екен. Айта кетейік, ХХ ғасырдың ең маңызды құрылыстарының бірі атанған Опера театрын тұрғызу үшін 14 жыл кеткен екен. Даниялық сәулетші Йорн Утзон бұл туындысы үшін сәулет өнеріндегі Нобель сыйлығы саналатын Притцкер сыйлығына ие болған. Бұл туралы 24 kz. хабарлады.

Соңғы жаңалықтар