Желтоқсан жаңғырығы үнемі халқымыздың жадында қалатын оқиға - Қазақстан Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы жылы 30 жыл толғалы тұрған Желтоқсан оқиғасы үнемі халқымыздың жадында қалатын оқиға. Бүгін ағымдағы жылды қорытындылап, журналистерге берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Желтоқсан жаңғырығы үнемі халқымыздың жадында қалатын оқиға - Қазақстан Президенті

«Мен ойлаймын, бұл оқиғаға қатысты тиісті бағасын бердік. Қатысқандардың барлығына, қиыншылықтар мен зардап шеккендерге реабилитация жасалды. Рысқұлбековке батыр атағы берілді, яғни сол кезде шыққан жастардың барлығына берілген атақ деп санау керек. Сол күнді мен өзімнің Жарлығыммен Демократияның атқан таңы күні дедік. Оларға ескерткіш қойылды, «Желтоқсан» деп көшелер аталды», - деп тоқталды Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент 2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы болатынын, бұл негізгі мерейтой екенін атап өтті. «Жастарға Қазақстан біздің жеріміз екенін, Отанымызды қорғау үшін әрқашан дайынбыз деп түсіндіріп, насихаттауымыз керек»,- деді Н.Назарбаев.