Желтоқсанның 1-інен бастап Атырау облысында жылуға арналған тариф 30 пайызға өсті

АТЫРАУ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында желтоқсанның 1-інен бастап жылуға арналған тариф 30 пайызға өсті, деп хабарлады табиғи монополияларды реттеу жөніндегі облыстық департаментінде.
None
None

Желтоқсанның 1-інен бастап халық - 1 Гкал жылу энергиясы үшін 2 769 теңге (ҚҚС есептемегенде), заңды тұлғалар 3 499 теңге  (ҚҚС есептемегенде) төлейтін болады. Бұл осыған дейін қолданылып келген тарифтен 30 пайыз жоғары.

«Тарифтің негізгі өсу себебі, «Теңізшевройл» ЖШС босататын және «Атырау жылу электр орталығы» АҚ жылу энергиясы өндірісінде пайдаланатын табиғи газ бағасының өсуі болды, - деп хабарлады Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің бастығы Балжан Досмұхамбетова.

Соңғы жаңалықтар