Жемқор деген күдікпен Осакаров ауданының әкімі ұсталды - Қарағанды облысы

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі Нұржан Әбілдин жемқорлық қылмысын жасау күдігімен ұсталды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінен.
None
None

«Иә, растаймыз (ұсталуын - ред.). Осакаров ауданының әкімі 2 қыркүйек күні күндіз ұсталды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпаратты таратпаймыз», - деді жемқорлықтың алдын алу және БАҚ-пен өзара әрекеттестік бөлімінің басшысы Дидар Смағұлов.

Н.Әбілдин үш айдан бері Осакаров ауданының әкімі болып қызмет етіп келеді. Бұған дейін ол сол ауданның әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар