Жемқорлық әрекеттері бойынша мемлекетке келтірілген 110 миллион теңге шығын қайтарылды ? алқа мәжілісі

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Прокуратура өкілдерінің сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары жақсы нәтиже беріп отыр.Өткен жылғы жемқорлықпен күрес жұмыстары барысында 2 мың 379 прокурорлық тексеру жүргізіліп, 564 наразылық қанағаттандырылған. Сонымен қатар 2 мыңнан астам ұсыныс қаралып, олар бойынша заң бұзушылықтарды жою жөнінде тиісті іс-шаралар
None
None
қолданылды. Бұны бүгін Бас прокуратурада облыс прокурорларының қатысуымен өткен алқа мәжілісінде көтерілген мәселелер жөнінде баяндаған Бас прокурордың орынбасары Рақымбек Мамырбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы прокурорлардың ықпалымен жемқорлық саласындағы 1 мыңнан астам заңсыз актілер тоқтатылған. Сонымен қатар 2 мың 543 адам тәртіптік, 371 адам әкімшілік жазаға тартылды. «Жауапқа тартылғандардың барлығы 3 мыңға жуықтады. Бұған қоса осы мәселе бойынша 18 іс қозғалып, 26 адам сотталды. Мемлекетке келтірілген 110 миллион теңге шығын қайтарылды. Тексерулер кезінде сыбайлас жемқорлықпен күрес заңдарын бұзу фактілері анықталды. Оның ішінде «Ауыз су» бағдарламасы да бар», деді Бас прокурордың орынбасары.
Соңғы жаңалықтар